“Балбөбек” бөбекжайында бейнелеу өнерінен сурет салу технологиялары бойынша апталық басталды (13.01.2025 ж.-17.01.2025ж.)
Аптаның 1-күнінде “Жұлдызша” орт.топ балалары қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарымен және оюларымен танысты. “Оюлы көрпе” тақырыбында жапсыру жұмыстарын орындады. Тұрмыстық бұйымдардың қажеттілігі жайында білімдері толықтырылды.
Өткізген бейнелеу өнері педагогі
Тайшыбекова Б.К.
